Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған сәби қайтыс болды

Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр

Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған сәби қайтыс болды
istockphoto.com
396

13 қазанда Семей қаласында жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәресте күйік салдарынан ауруханада көз жұмды.

Бұл туралы Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді.

Қыз бала сағат 19:40-та қайтыс болды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бала құқығы жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі және облыс прокуратурасымен байланыста отырмын, - деп жазды Динара Зәкиева өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Қазір бұл іс облыстық прокуратураның бақылауында, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары