Қостанайда 8 автокөлік соғылды

Ауа-райының күрт нашарлауынан жол-көлік оқиғалары көбейді.

Қостанайда 8 автокөлік соғылды
Қостанай облысының Полиция департаменті
276

Қостанай облысында 8 автокөлік соғылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қостанай облысының Полиция департаментінің мәліметінше апаттан ешкім зардап шекпеген. Тек автокөліктер бүлінген.

«Жол-көлік оқиғасына дистанция сақтамау себеп болған», - деді ведомство.

Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Қазір өңір жолдары көктайғақ. Сондықтан полиция жүргізушілерден сақ болуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары