Тағы бір адам құтқарылды.
Бүгін таңертең Семейде үш пәтерлі жеке меншік үйде өрт болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өртке қарсы қызметке қоңырау таңғы сағат 05:09-да түскен. Өрт 85 шаршы метр аумақты шарпыған.
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылғанын, тағы бір адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Өрт 07:07-де толықтай сөндірілген. Оқиға орнында ТЖД психологтары тұрғындар мен туысқандарына жедел психологиялық көмек көрсеткен.
Өртті сөндіруге ТЖД 35 қызметкері мен 7 техника жұмылдырылған. Өрт себебі анықталып жатыр.