«Нәтиже көрсетпейді»: Нұрлан Қоянбаев «Барыс» командасын сынап тастады

«Нәтиже көрсетпейді»: Нұрлан Қоянбаев «Барыс» командасын сынап тастады
скриншот
333

Кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев бюджеттен ең көп ақша алатын «Барыс» командасын ешқандай нәтиже көрсетпейтінін айтып, сынады. 

Ол миллиардтаған ақша айтыс пен көкпарға бөлінгенін қалайтынын айтты.

«Барыс» командасы неше жыл бюджеттен ақша алып келе жатыр?! Неге журналистер осыған мән бермейді? Команда ешқандай нәтиже көрсетпейді. Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Еліміздің бюджетінен ең көп ақша алатын команда 1-10 болып ұтылып қалды. Айтыс пен көкпарға миллиард ақша бөлінсін. «Астана» велокомандасы да жыл сайын бюджеттен ақша алады. Құрамада бір қазақ жоқ, не нәтиже жоқ», – деп ашынды кинопродюсер.

Серіктес жаңалықтары