Денис Теннің өлімі: Сот кінәлілерді ақтаудан бас тартты

Жоғарғы сот судьялары Денис Теннің өлімі бойынша сотталушылардың кассациялық арызын қараудан бас тартты.

Денис Теннің өлімі: Сот кінәлілерді ақтаудан бас тартты
366

Бүгін Астанада Денис Теннің өлімі бойынша сотталғандардың кассациялық арызы қаралған сот отырысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы іс бойынша кінәлі деп танылып, сотталған Құдайбергенов пен Қиясовтың қорғаушысы Самат Сағиданов соттан екеуін ақтауды сұрады. Осыдан кейін сот алқасы шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

«Судьялар істі кассациялық тұрғыда қараудан бас тартты», - делінген сот қаулысында.

Жоғарғы сот сотталушылардың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

2019 жылдың қаңтарында Арман Құдайбергенов Денис Теннің өліміне кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтеп жатыр. Істің екінші фигуранты Нұралы Қиясов та 18 жылға сотталған. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтеп жатыр.

Үшінші фигурант Жанар Толыбаева 4 жылға сотталып, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды. Алайда бір жылдан кейін, 2019 жылдың желтоқсанында денсаулығына және сәбилі болуына байланысты ол қамаудан босатылды. Кейін ол абақтыға қайта оралып, 2021 жылдың желтоқсанында біржола босады.

Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында қайтыс болды.

Арман Құдайбергенов спортшының автокөлігінің айнасын шешіп алып жатқан. Сыбайласы Жанар Толыбаева автокөліктен 7 метр жерде тұрған. Бірақ қасынан Денис Теннің өткенін байқамай қалған. Денис Тен көлігінің қасынан бөгде адамдарды көріп қалады. Арман Құдайбергенов пен Денистің арасында төбелес басталады. Сол кезде Нұралы Қиясов сөмкесінен пышақ алып шығып, Денистің артқы жағынан келіп, қара санына екі рет пышақ сұғып алады.

Серіктес жаңалықтары