Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Таразда 10 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
istockphoto.com
427

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

10 қазанда күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. 10 қазанда облыстың солтүстік-батысында төтенше, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Таразда 10 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

10 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өскеменде 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

10 қазанда Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Семейде 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

10 қазанда күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 10 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

10 қазанда күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Көкшетауда 10 қазанда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

10 қазанда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. 10 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодарда 10 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

10 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман түседі. Облысың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбеде 10 қазанда төтенше өрт қаупі күтіледі.

10 қазанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда 10 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қазанда Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанайда 10 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

10 қазанда түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтауда 10 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

10 қазанда күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі және шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте 10 қазанда күннің соңында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

10 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда 10 қазанда найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с. 10 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қазанда Қарағанды облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

10 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда 10 қазанда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

10 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады). Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы күндіз 3-8 градус жылыға дейін күрт төмендеуі мүмкін, әрі қарай төмендейді.

Петропавлда 10 қазанда жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады). Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы күндіз 3-5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары