870
Желіде Мақпал Жүнісованың әнін тыңдап отырған иттің видеосы пайда болды
Видеоны әлеуметтік желіде Papa_Mailo аккаунтының иесі жариялаған.
Бейнежазбадан диван үстінде жатқан иттің әншінің өнерін тапжылмай көріп отырғанын байқауға болады, деп жазды turkystan.kz.
«Итім Мақпал Жүнісованың әнін тыңдап отыр. Өзі құйрықпен билеп қояды. Биле-биле. Жарайсың! Көре ғой. Мен саған кедергі болмайын», - дейді итін еркелете сөйлеген видео авторы.
Иесінің айтуынша иттің аты – Майлыбек. Аталған видеоны әншінің өзі де әлеуметтік желісінде бөліскен.
«Мұндай тыңдарманды алғаш көріп тұрмын. Видеоңызға рахмет!», - деп жазды М. Жүнісова.