Келесі жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы офицерлік құрамдағы лауазымдарда қызмет атқарады.

Келесі жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
Қорғаныс министрлігі
263

Қорғаныс министрлігінің «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына сәйкес, келесі жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады.

Министрліктің мәліметінше, әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы офицерлік құрамдағы лауазымдарда қызмет атқарады.

Олардың орналасу орындары келесідей:

  • Қарулы күштерде – 700 адам,
  • ҰҚК Шекара қызметінде – 80 адам,
  • ІІМ Ұлттық гвардиясында – 131 адам,
  • Төтенше жағдайлар министрлігінде – 4 адам.

Құжатта «запастағы офицерлерді шақыру әскери даярлығы бар резервті жинақтау және офицерлік құрамдағы бос лауазымдарды толтыру мақсатында жүзеге асырылады» деп жазылған.

Еске сала кетейік, былтыр жыл басында тиісті қаулымен запастағы 345 офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып, кейін саны екі есе ұлғайды. Осылайша запастағы 635 офицер әскери қызметке шақырылды.

Серіктес жаңалықтары