АЭС бойынша референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе 63,66% құрады.

АЭС бойынша референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды
istockphoto.com
Автор
Админ
261

Орталық референдум комиссиясы 6 қазан күні өткен АЭС-ке қатысты республикалық референдумның алдын ала қортындысын жариялады.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе 63,66% құрады.

Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12 пайыз болды.

Серіктес жаңалықтары