287
Су тасқыны салдарын жоюға қатысқан сарбаздар марапатталды
Қорғаныс министрлігі апатты жағдай кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың иығына ауыр жүктеме түскенін атап өтті
Су тасқыны салдарын жоюға қатысқан 2 мыңнан астам әскери қызметшіге Қорғаныс министрінің атынан қолсағат табысталды, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігі апатты жағдай кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың иығына ауыр жүктеме түскенін атап өтті. Олар елді мекендердегі жағалауларды нығайтып, қолдан бөгеттер салды. Тұрғындарға қажетті гуманитарлық көмек жеткізді.
Орал қаласына көктемгі мезгілде су тасқынына қарсы іс-шараға қатысып, Қорғаныс министрі қолынан сағат алудамын. Бұл маған үлкен мәртебе. Қазақстан Республикасына қызмет етемін, - дейді мерзімді әскери қызметтегі сарбаз Алдияр Жайлаубаев.