Бибігүл Төлегенова референдумға қатысты

Бибігүл Төлегенова референдумға қатысты
192

Бибігүл Төлегенова референдумға қатысты.

Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Бибігүл Ахметқызы дауысын үйінде берді. №559 сайлау учаскесінің өкілдері бюллетеньдерге арналған урнаны  Бибігүл Ахметқызының тұрғылықты  мекенжайына әкелді.

Әртіс бұл оқиғаның ел үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, референдумға қатысу-әрбір азаматтың Қазақстанның болашағына деген жауапкершілігі. 

"Мұндай шешімдер мұқият ойластыруды қажет етеді, өйткені олар елдегі қазіргі жағдайға ғана емес, келесі ұрпақтың болашағына да әсер етеді. Мен еліміз үшін осы маңызды мәселеге өз дауысымды қоса алатынымды мақтан тұтамын", - деді Бибігүл Ахметқызы.

Оның айтуынша, Қазақстан әлі де жас мемлекет және оны қолдау керек, еліміз үшін маңызды оқиғаларға қатысып, сол арқылы мемлекетіміз үшін дамудың ең жақсы жолын таңдау керек. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып қала басшысы Ерболат Досаев дауыс беру үшін  жұбайымен бірге келді. Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Серіктес жаңалықтары