Шымкентте төрт бала құтқарылды

16 шаршы метр аумақтағы жалын жедел сөндірілді

Шымкентте төрт бала құтқарылды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
173

Өрт сөндірушілер 4 баланы оттан құтқарды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 5-қабаттағы пәтер жанды.

ТЖД қызметкерлері көрші пәтерлерден қолмен көтеріп, баспалдақ маршымен 5 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды, – деп қосты ведомство.

16 шаршы метр аумақтағы жалын жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары