Қазақстандағы бес миллиардер Forbes-тағы орындарын сақтап қалды

Қазақстандағы бес миллиардер Forbes-тағы орындарын сақтап қалды

Қазақстандағы бес миллиардер  Forbes-тағы орындарын сақтап қалды
ашық дереккөзі
Әлемдегі бақуатты адамдардың тізімін жасайтын Forbes журналының нұсқасы бойынша кәсіпкер Болат Өтемұратов ең бай қазақстандық деп танылды. Оның мүлкі 2,3 миллиард долларға бағаланып отыр деп хабарлайды Sputnik.
Қазақстандағы миллиардерлер саны бұрынғыша бесеу болып қалды. Олардың көшін кәсіпкер Болат Өтемұратов бастап тұр. Ол әлемдік рейтингте 896 орында. Екінші орынға «балды» магнат Владимир Ким жайғасты. Ол бір жылда 600 миллион доллар табыс тауып, өз мүлкін 2016 жылғы 1,5 миллиард доллардан 2,1 миллиард долларға дейін жеткізді. Осылайша кәсіпкер әлемдік рейтингте 1198 орыннан  973 орынға көтерілді. Сондай-ақ, Тимур Кулибаев пен Динара Кулибаева да 973 орында тұр. Forbes-тің мәліметіне сәйкес, олардың әрқайсысының мүлкі 2,1 миллиард долларға тең. Өткен жылы олар 2 миллиард доллар көрсеткішпен 906 орында тұрған болатын. Ал қазақстандықтардың үздік бестігіне Алиджан Ибрагимов кірді. Оның мүлкі 1,9 миллиард долларға бағаланды. Жалпы рейтингте ол 1098 орыннан көрінді. Қазақстандық миллиардерлер 2016 жылдың ішінде 1,2 миллиард долларға байыды.