Денис Шипп Жоғарғы сот судьясы болып сайланды

Бұған дейін ол Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Денис Шипп Жоғарғы сот судьясы болып сайланды
parlam.kz
Автор
Админ
313

Денис Шипп Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының судьясы болып сайланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенаты аппаратының басшысы Максим Споткай мәлімдеді.

Президенттің ұсынуы бойынша Жоғарғы соттың жаңа судьясының кандидатурасы алдын-ала Сенаттың профильді комитетінің отырысында, одан кейін палата отырысында қаралған.

Денис Шипп сот жүйесінде ұзақ жылдардан бері жұмыс істеп келеді. 2015-2021 жылдары Жоғарғы сот судьясы, күні кешеге дейін Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болған.

Денис Шипп 1968 жылдың 27 ақпанында Петропавлда дүниеге келген. Омск мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін академик Королев атындағы Самара аэроғарыш университетін бітірген.

Әр жылдары ағылшын тілінің аудармашысы, салық милициясының инспекторы, Петропавл қалалық сотының, Алматының мамандандырылған қаржылық сотының судьясы қызметтерін атқарған.

Серіктес жаңалықтары