Астанада жаңа экспресс - маршрут іске қосылады

Жаңа автобустар 6 қазаннан бастап жүрмек.

Астанада жаңа экспресс - маршрут іске қосылады
Автор
Админ
238

Астанада әуежай мен теміржол вокзалына қатынайтрын жаңа екі экспресс-маршрут іске қосылады, деп хабарлайды turkystan.kz

№501 және 502 экспресс-маршруттары жұмысын 6 қазаннан бастайды.

«Экспресс-маршртуттардың жұмысы жолаушыларды жылдам әрі жайлы жеткізуге, жолға кететін уақытты қысқартуға, тасымалдау сапасын арттыруға бағытталған», - деп хабарлады CTS.

№501 маршрут Абайдың 150 жылдығы көшесі мен халықаралық әуежайдың арасын жалғайды.

№502 маршрут теміржол вокзалы мен «Бағыстан» тұрғын үй кешенінің арасында қатынамақ.

Әр маршрутта сегіз автобустан, арасына 14-20 минут салып қатынайды.

Жол жүру құны 250 теңге.

Сондай-ақ айлық тарифтер бар:

«Қала + Экспресс» - 10 000 теңге;

«Қала + Экспресс + қала маңы» - 13 500 теңге.

«Жол жүру билеттерін 16 қазаннан бастап сатып алуға болады. Олар 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданылады. Жаңа маршруттар әлеуметтік маңызды объектілерді қамтиды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары