Астаналық мұғалім 7-сынып оқушысына қырындап, түнде хабарлама жазған (ФОТО)

Мектеп директоры оқиғадан кейін мектеп басшылығы мұғалімді жедел түрде жұмыстан шығарып, басқа оқу орнына орналасуына мүмкіндік берген.

Астаналық мұғалім 7-сынып оқушысына қырындап, түнде хабарлама жазған (ФОТО)
istockphoto.com
529

Әлеуметтік желіде елордадағы №32 мектеп мұғалімі жетінші сынып оқушысына тиіскені туралы ақпарат тарады. Ата-аналар оқу орнына келіп, педагогты жауапқа тартуды талап еткен, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметтерге сенсек, қыз бала ата-анасына 1981 жылы туған мұғалімнің оған тиіскенін және WhatsApp арқылы түнде жазып тұрғанын айтқан.

«Егер… Жаман ойлап қал ма? Сен, түсініп тұрсың ғой, иә. Мен сенікі, ал сен мендік боласың. Жақсы ма? Мұны барлық мағынада айтып тұрмын», – деп мұғалім оқушы қызға хабарлама жіберген.

Мектеп директоры оқиғадан кейін мектеп басшылығы мұғалімді жедел түрде жұмыстан шығарып, басқа оқу орнына орналасуына мүмкіндік берген.

Елордадағы білім басқармасының баспасөз қызметі мұғалімнің 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап мектепте сынақ мерзімінде жұмыс істегенін мәлімдеді.

Осылайша 30 қыркүйекте мектептің тәртіптік комиссиясының шешімі бойынша педагог ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағы «Тәрбиелік қызметтерді атқаратын қызметкердің осы жұмысты жалғастыруға жарамсыз моральдық теріс қылық жасауы» бойынша жұмыстан шығарылды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта қала полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын, тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Басқа ақпарат берілмеді. Себебі бұл қылмыстық процестік кодекстің бабына сәйкес құпия ақпарат.

Серіктес жаңалықтары