303
Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды
Аталған бағытта жұмыс жалғасуда
Ақмола облысы прокуратурасы өңірде заңсыз берілген жер учаскесін мемлекетке қайтарды.
Көкшетау қаласының прокуратурасы тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдармен жер заңнамасының сақталуына мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізуде.
«Жергілікті атқарушы органдардың аукцион жүргізбестен өндірістік базаға қызмет көрсету үшін аумағы 1,3 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын бергені аныкталды.
Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша нарықтық құны 70 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке кайтарылды», — деп жазды бақылаушы органнан.
Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.