Қазақстанның энергетикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретін жоба

Қазақстанның энергетикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретін жоба
692

Атыраудағы АЭС қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Тайсойған және Азғыр аулдық округтерінде болды.

ҚР Мәжіліс Депутаты Дүйсенбай Тұрғанов және облыстық партия филиалының төрағасы Абдолла Идресов ауыл тұрғындарына референдумның маңыздылығын түсіндіріп, АЭС құрылысы еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға септігін тигізетінін айтты.   

«Тайсойған 1949 жылдан әскери полигонға айналып, мұндағы ядролық сынақ 1952 жылы басталған. Жалпы бұл жерге 24 мәрте ядролық жарылыс жасалған. Полигон 2000 жылдан бері жабылды. Ауыл тұрғындарының АЭС құрылысына, оның радиациялық қауіпсіздігіне қатысты алаңдауы бар. Бұл – біріншіден, бейбіт атом , екіншіден, технология қарқынды дамып жатыр, сондықтан заманауи реакторлар қауіпсіз әрі экологиялық жағынан таза», – деді А.Идресов.

Қазіргі уақытта Атырау да еліміздегі басқа аймақтар сияқты ең жоғары жүктеме кезінде Ресейден келетін электр энергиясына тәуелді. Бұл жоғары қаржылық шығындар, сонымен қатар, энергияның жетіспеушілігі көптеген экономикалық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Осыны түсіндірген штаб мүшелері ауыл тұрғындары да электр энергиясының үзілісін жиі орын алытынын айтты.

«Қазір технологиялар тек шығармашылық мақсаттарда қолданылады: зертханалық ғылыми зерттеулер, радиофармацевтикалық препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі. Бұл сіздер үшін өте маңызды, өйткені, бұл аумақта жерасты жарылыстарының болған жақсы білесіздер. Бүгінгі даму деңгейіміз АЭС жұмысын барынша қауіпсіз деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Д.Тұрғанов.

Сондай-ақ, штаб мүшелері Атырау-Астрахань тас жолындағы жолшылармен де кездесіп, елімізде АЭС-тың салынуы Қазақстанның энергетикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары