316
Сарыағашта мал ұрлап, сатқан күдіктілер ұсталды
Олардың бір түн ішінде мал жайылымынан 30-дан аса қойды көлікке тиеп әкеткені белгілі болды
Сарыағашта 1,5 млн теңгенің малын ұрлап, сатқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаштық полицейлер жайылымнан бір отар қойды қолды еткен екі күдіктіні ұстады. Олардың бір түн ішінде мал жайылымынан 30-дан аса қойды көлікке тиеп әкеткені белгілі болды.
Күдіктілер ұрланған қойларды 15-20 мың теңгеден сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңге.
Тәртіп сақшылары бұдан бөлек олардың дәл осындай мал ұрлығына қатысты 5 фактісін анықтады. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.