«Үйленгім келеді»: Жахан Отарғалиев қиналғанда достарының бәрі тастап кеткенін айтты

Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев үшінші рет үйленгісі келетінін жеткізді.

«Үйленгім келеді»: Жахан Отарғалиев қиналғанда достарының бәрі тастап кеткенін айтты
Әлеуметтік желі
Автор
Админ
741

Бұл ойын ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Негізі үйленгім келеді. Отбасылы болғанға не жетсін?! Бұл өмірдің қызығы – балалы-шағалы болу. Маған бәрі «асықпасайшы» дейді. Мен үйленгім келеді. Бірақ мені түсінетін, мені сыйлайтын, мені құрметтейтін  жан табылса міндетті түрде үйленемін. Болашақта жеке өмірім жайлы ешкімге айтпаймын. Әлеуметтік желіге жарияламаймын. Қиналсам да, қуансам да, барда да, жоқта да, соңына дейін менімен бірге болатын адам табылғанда бірден үйленемін», - дейді.

Актер былтыр екінші жары, белгілі әнші Балжан Бидашпен ажырасқан болатын. Өзінің бала сүйе алмауы мүмкін екенін, дәрігерлердің сондай диагноз қойғанын да айтқан еді. Сол қиналып жүрген кездерінде достары мен таныстарының тастап кеткенін де айтты.

Бір мезетте айналамнан бүкіл адам жоқ болып кетті. Бұрын, бірінші кином шыққан кезде көп жерге шақыратын. Бір жыл бұрын араласып жүрген адамдардың бәрі бұрылып, кетіп-кетіп қалды. Ең үлкен қателігім – самооценкамды түсіріп алыппын. Рухани әлсіреп кеткенімді ұқтым. Рухани жағынан әлсіреген сайын сенен адамдар да алыстап кетеді. Сен Аллаға жақындаған сайын, адамдар өзі келеді екен. Рухани дүниемді реттегенде жаным жай тапты», - дейді ол.  

Серіктес жаңалықтары