Кездейсоқ танысқан жігіт бойжеткеннің атына 1,5 млн несие рәсімдеген

Астаналық бойжеткен алаяқтың құрбаны болды.

Кездейсоқ танысқан жігіт бойжеткеннің атына 1,5 млн несие рәсімдеген
istockphoto.com
Автор
Админ
284

28 жастағы жігіт пен бойжеткен көшеде кездейсоқ танысып, кейін бірге ішімдік ішкен, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Дүкенге кірген кезде жігіт қыздың қалай төлем жасағанын жіті бақылап, телефонның құпия сөзі мен телефондағы банк қосымшасының құпия сөзін жаттап алған.

Содан кейін ыңғайлы сәтті сүтіп, телефонды ұрлаған. Жәбірленушінің атына несие рәсімдеп, сағат, сымсыз құлаққап пен смартфон сатып алған.

Келген шығын көлемі 1,5 теңгені құрады.

«Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жігіттің бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды», - деді полиция.

 

 

Серіктес жаңалықтары