Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим орнатты

Сьерра-Леоне – батыс Африканың Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет.

Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим орнатты
istockphoto.com
245

Қазақстан тағы бір африкалық елмен визасыз режимге қол жеткізді.

Қазақстан Сьерра-Леоне деп аталатын Африка мемлекетімен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында құжаттарға қол қойған. 

Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, – делінген Сыртқы істер ведомствосының ақпаратында.

Айта кетейік, Сьерра-Леоне – батыс Африканың Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Сьерра-Леоненің астанасы – Фритаун қаласы, ал ресми тілі – ағылшын.

Серіктес жаңалықтары