БҚО-да көкпар кезінде бірнеше көрермен жарақат алған

Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзушылықтар болмады деп нақтылайды

БҚО-да көкпар кезінде бірнеше көрермен жарақат алған
Видеодан алынған кадр
308

Батыс Қазақстан облысында көкпарды өткізу кезінде жылқылар көрермен отырған тұстағы турникеттерден секірді, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, оқыс оқиға 2024 жылдың 28 қыркүйегінде болған, салдарынан бірнеше адам жарақат алды.

Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзушылықтар болмады деп нақтылайды.

Турнир Бәйтерек ауданының 85 жылдығының мерейтойына арналған. Жарысқа БҚО, Ақтөбе және Атырау облыстарының командалары қатысты.

Серіктес жаңалықтары