Оралда құны бір млрд теңге болатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

Соңғы үш жылда 100-ден астам экономикалық қылмыстық құқық бұзушылық фактісі тергелген, оның ішінде 14 қылмыстық іс заңсыз кәсіпкерлік фактілері бойынша болған

Оралда құны бір млрд теңге болатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді
istockphoto.com
359

Оралда құқық қорғау органдары 1,6 миллион қорап заңсыз темекі өнімдерін тапты.

Соңғы үш жылда 100-ден астам экономикалық қылмыстық құқық бұзушылық фактісі тергелген, оның ішінде 14 қылмыстық іс заңсыз кәсіпкерлік фактілері бойынша болған.

"Облыстың төрт тұрғыны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан. Олар әртүрлі маркалы акцизделетін темекілерді тасымалдау, сақтау және сатумен айналысқан. Олардан 967 миллион теңгеге 1,6 миллионнан астам қорап темекі өнімдері табылды", - дейді БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы Асылбек Дүйсенов.

Орал қалалық соты оларды заңсыз кәсіпкерлікке және акцизделетін тауарларды таңбалау тәртібі мен ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот барлығына бір жылға бас бостандығын шектеу және 1000 АЕК немесе үш миллион теңгеден астам айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сот шешімімен алынған барлық тауар жойылды.

Серіктес жаңалықтары