Маңғыстауда WhatsApp арқылы 2,8 млрд теңге пайда тапқан екі келіншек сотталды

2021-2023 жылдары Маңғыстау облысының А есімді тұрғыны WhatsApp желісінде 25 топ ашып, арзан бағадағы тауарларды жарнамалаған.

Маңғыстауда WhatsApp арқылы 2,8 млрд теңге пайда тапқан екі келіншек сотталды
istockphoto.com
401

Тапқан ақшаны өз қажетіне жұмсап, жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның сыбайласы Б есімді әйел WhatsApp  желісінде А ашқан 4 топтың әкімшісі болған. Жәбірленушілерге жалған ақпарат беріп, А-ның алаяқтық әрекеттеріне көмектескен. Тапсырыс қабылдап, түскен ақшаның бір бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын А-ға аударып отырған.

Биыл 26 маусымда Ақтау соты оларды алаяқтық бабымен кінәлі деп тауып, А-ның мүлкін тәркілеп, 9 жыл 8 айға, ал Б-ны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар 294 жәбірленушінің жалпы сомасы 2,8 млрд теңге материалдық шығынды қайтару туралы арызы қанағаттандырылған. Сотталушылар бас бостандығынан айырмауды сұраған.

20 қыркүйекте апелляциялық сот алқасы бірінші инстанция сотының үкімінің күшін жойып, жаңа үкім шығарды. Жаңа үкім бойынша А 12 жылға, Б 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алаяқтық жолмен тапқан ақшалары жәбірленушілердің шығынын қайтару шотына аударылды.

Серіктес жаңалықтары