744
Баян Алагөзова қайын атасын құттықтап, жазба жариялады
Ол Тұрым Алагөзовті 80 жас мерейтойымен құттықтап, жазба жариялады.
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы қайын атасы, дирижер Тұрым Алагөзовті 80 жас мерейтойымен құттықтап, жазба жариялады.
Оның айтуынша, қайын атасы туған жері Ақтөбе өңіріне барып, концерт беріп келген.
«Мен Алагөзовтер отбасына түскеніме бақыттымын. Балаларым да осы әулеттің тұқымын жалғастыратынына қуаныштымын. Папамызды 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт тілеймін! Бұл концерт кеше маэстроның туған жерінде Ақтөбеде өтті. Кезінде әкеміз құрған хор керемет өнер көрсетті. Біздің отбасы 12 қазанды күтіп жүр. Ол жерде жақында құрылған "Алагөзов хоры" өнер көрсетеді. Бұл топқа ұзақ ғұмыр және нағыз музыка білгірлерінен үлкен махаббат тілеймін», – деп жазды продюсер.