Щучинск қаласында өрт кезінде зейнеткер қаза тапты

Көппәтерлі бір қабатты тұрғын үйде өрт болып, шатыр өртенді

Щучинск қаласында өрт кезінде зейнеткер қаза тапты
Ақмола облысы ТЖД
153

Бүгін таңертең Щучинск қаласында көппәтерлі бір қабатты тұрғын үйде өрт болып, шатыр өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Өрт кезінде пәтерде әйел адам және оның 1941 жылы туған анасы болған. Түтінді сезген әйелдер көшеге эвакуацияланды, бірақ зейнеткер белгісіз себептермен жанып жатқан үйге оралды. Шақыру орнына келген Щучинск қаласы жасағының өрт сөндірушілері әйел адамды көшеге шығарды, бірақ, өкінішке орай, көп ұзамай ол қайтыс болды. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары