Денсаулық сақтау министрі жедел жәрдемнің тәуліктік қызметіне қатысты мәлімдеме жасады

Жедел жәрдем қызметінде жүйелеу жұмыстары жүргізілген. Бұл алғашқы көмек берушілердің үздіксіз жұмысына еш кедергі келтірмейді.

Денсаулық сақтау министрі жедел жәрдемнің тәуліктік қызметіне қатысты мәлімдеме жасады
429

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

"Жедел жәрдем қызметі қағидаларына өзгеріс енгізу көзделген жобада күнделікті тәулік бойы халыққа көрсетілетін жедел жәрдем қызметін шектеу туралы өзгеріс жоқ. Халық бұрынғыша 103 арқылы 24/7 режимінде жедел жәрдем шақыра алады. Бұл жобадағы өзгеріс емхана жанынан құрылатын бригадаларға қатысты. Халық арасынан жедел жәрдем қызметін ұзақ күту жайында шағымдар болу себебінен жедел жәрдем қызметін жақсарту мақсатында, оларға түсетін жүктемені реттеу мақсатында емханалар жұмысы уақыты кезінде мобильдік бригадаларды ұйымдастыру шешілді. Күндізгі уақытта шақыртулар пациентті өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтін жағдайларда емханалардағы бригадалармен, ал қалған уақыттың бәрінде жедел жәрдем стансаларындағы бригадалармен атқарылады. Бұл өз кезегінде жедел жәрдем қызметін ұзақ күтуді азайтуға септігін тигізеді деп жоспарлануда. Халық “103” қызметі бойынша толыққанды шақыртуларды жасауға еш кедергілер болмайтындығын ресми жеткіземін», - деді Ақмарал Шәріпбайқызы.

Серіктес жаңалықтары