306
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы дүние салды
Есенбек Кабирұлы бүкіл саналы ғұмырын футболға қызмет етуге арнады.
74 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген футбол жаттықтырушысы Есенбек Кабирұлы Сыздықов өмірден өтті. Бұл туралы «Шахтер» футбол клубы хабарлады.
«Осы жылдар ішінде «Шахтер» ФК бас бапкері, команда басшысы, спорт директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық футбол лигасының төрағасы, Қарағанды қаласындағы футбол бойынша «Жастар» ОСЮШОР-ның директоры болды. Есенбек Кабирұлының жарқын естелігі оны білетін баршаның жүрегінде мәңгі сақталады!», - делінген баспасөз хабарламасында.