Атом электр станциялары импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады

Штаб мүшелері АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты.

Атом электр станциялары импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады
Халықтық штаб
298

Халықтық штаб АЭС құрылысын қолдау жөнінде Қазақстан халық Ассамблеясының өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлеріне кездесу өткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының мүшелері Қазақстан халық Ассамблеясының өкілдерімен кездесіп атом электр станциясын салудың маңыздылығын түсіндіріп азаматтар тарапынан АЭС ке қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында АЭС салу мәселесінің соңғы шешімін халық қабылдайтындығын нақты атап референдум өткізу қажеттігін айтты. 6 қазан АЭС салу бойынша референдум өтеді. Еліміздің азаматы ретінде референдумға қатысып өз көзқарасын білдіруге кез-келген азамат құқылы», - деді халықтық штаб мүшесі Аманбай Нуркенов.

Кездесу барысында жұртшылыққа бұл бастаманың еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігіне, сондай-ақ отандық энергетика саласындағы стратегиялық мәніне баса мән берілді. Штаб мүшелері АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты.

Жиында Халықтық штаб мүшелері атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін айтарлықтай арттыра түсетінін мәлім етті. Айтуларынша, атом электр станциялары елді энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз етіп, импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады.

«Өздеріңізге белгілі еліміздің электр қуатына деген тауелділігі жыл санап артпаса кемімейді. Осы түйткілді мәселені шешу үшін бізге АЭС салу керек. Әрі АЭС салу елімізді энергия тапшылығынан тәуелсіз етіп, ірі инвесторлардың келуіне де жол ашады. Сонымен қатар, атом энергиясын пайдалану көміртегі шығындыларын азайтып, елдің экологиялық беделін арта түсуіне ықпал етеді. Бастысы, атом электр станцияларын дамыту экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек»,- деді спикер Аскерхан Хуанбай.

Серіктес жаңалықтары