Жүрсін Ерман Президенттің кеңесшісімен кездесті

Кездесу жайлы Президентінің кеңесшісі Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды.

Жүрсін Ерман Президенттің кеңесшісімен кездесті
475

Ақын, айтыстың абызы Жүрсін Ерман Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлиммен кездесті, деп turkystan.kz.

«Ұлттық өнердің кең жүректі жанашыры, ақын Жүрсін Ерман ағамызбен кездесіп, мәдениет пен руханият тақырыптарында пікір алмастық. Ауырып қалғанында алаңдап қалған едік, кейінгі кезде республикалық айтыстардың төрінен көрініп қуантып жүр.  Қырық жыл бойы қазақтың айтыс өнерінің басы-қасында жүрген, жыр додаларының қара нары атанған Жүрсін ағамыз аман болсын!», - деп жазды Берік Уәли.

 

 

Серіктес жаңалықтары