"Қазгидромет" 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Республикамыздың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан өңірлерінде сипат алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі.