648
Шымкентте пойыз басып кеткен ер адам қайтыс болды
Ер адам жарақатының ауыр болғанынан оқиға орнында көз жұмды
Шымкентте шамамен 30-35 жастағы ер адам 21 қыркүйек сағат 22.00-лер шамасында пойыз астында қалып мерт болды.
Оқиға Исмайлов (бұрынғы Громов)-Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын маңнан өтетін теміржолда болған.
Ер адам жарақатының ауыр болғанынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.