Емханадан 13 мыңға жуық вейп табылды

2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енген болатын

Емханадан 13 мыңға жуық вейп табылды
nege.kz
467

Алматы қаласының полицейлері стоматологиялық емханалардың бірінде 13 мыңға жуық вейпті сатқан қылмыскерді ұстады.

«Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам анықталды және ұсталды. Ол электронды темекінің заңсыз айналымын жасағанын мойындады. Оның айтуынша, ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр», - деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Айта кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енген болатын.

Серіктес жаңалықтары