Кеше Астанадағы «Қазмедиа» орталығының концерт залында «Тұмар» І ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын мараппатау рәсімі өтті. Әділ қазылар алқасы жабық дауыс беру нәтижесінде 12 аталым бойынша сынға түскен жобалардың үздіктері таңдалды:
«Үздік әлеуметтік жоба» – «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Айтуға оңай» бағдарламасы;
«Үздік ақпараттық бағдарлама» – «31» телеарнасы, «Информбюро» жаңалықтары;
«Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама» – «Қазақстан-Атырау» телеарнасы, «Адасқандар» бағдарламасы;
«Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама» – «Рика ТВ» телеарнасы (Ақтөбе қаласы), «Город сегодня» бағдарламасы;
«Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» – «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Аpta.kz» бағдарламасы;
«Үздік музыкалық бағдарлама» – «ТV Key» ЖШС, «Музыкальный Перформанс»;
«Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» – «Балапан» телеарнасы, «Күлегеш» бағдарламасы;
«Үздік деректі кино» – «Хабар» телеарнасы», «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі;
«Үздік ток-шоу» – «КТК» телеарнасы, «Наша правда» ток-шоуы;
«Үздік телевизиялық телехикая» – «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Әке» телехикаясы;
«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» – «Атамекен» business channel телеарнасының ашылуы;
«Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» – қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сұлтан Оразалы;