Рудныйда 3 жастағы баланың өліміне байланысты дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды

Ұл бала 10 магнит жұтып қойған.

Рудныйда 3 жастағы баланың өліміне байланысты дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды
istockphoto.com
Автор
Админ
295

Шілде айының басында Қостанай облысында үш жастағы бала ауруханада көз жұмған еді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оған ота жасалған. Ата-анасы баланың өліміне тиісті көмек көрсетпеген дәрігерлерді кінәлады. Бірнеше айт өткеннен кейін полиция қылмыстық іс қозғады.

Көз жұмған баланың отбасының адвокаты Дамир Хамитов Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің қорытындысы туралы айтты.

«Комиссия балаға медициналық көмек көрсеткен кезде клиникалық диагностика және ем жүргізу хаттамалары бұзылғанын анықтады. Жедел емге дайындық жеткіліксіз болған», - дейді ол.

Еске салайық, үш жастағы ұл бала 10 магнит шаригін жұтып қойып, 7 шілдеде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер ота жасап, асқазанынан 7 магнит алып шыққан. Қалғаны ішекке кеткен. Дәрігерлер олар табиғи жолмен шығар деп, күткен. Магниттердің қозғалмағанын түсінген кезде екінші рет ота жасаған. Бірақ баланың ағзасы шыдамай, жан тапсырған.

 

Серіктес жаңалықтары