Әйеліне күніне 100 рет қоңырау шалып отырған: Жапония азаматы оғаш қылмысы үшін тұтқындалды

Оның айтуынша, бұл әрекетке тек әйеліне деген үлкен махаббат итермелеген.

Әйеліне күніне 100 рет қоңырау шалып отырған: Жапония азаматы оғаш қылмысы үшін тұтқындалды
сурет: istockphoto.com
426

Жапония азаматы өз әйеліне махаббатын білдірудің ерекше әдісін таңдаған. Ол әйеліне жасырын нөмірден қоңырау шалып, үнсіз тұруды жөн көрген. Оның пікірінше, сөз оның сезімдерін жеткізе алмайтын еді, деп хабарлайды odditycentral.

Ер адам шілде айында оғаш әрекет ете бастаған. Ол әйеліне жасырын нөмірден қоңырау шалып, үндемей тұрады екен. Әйелі оны сөйлетуге тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Бір күнде 100-ге дейін қоңырау түсіп тұрған.

Кейінірек әйел қоңыраулар кезінде күйеуінің жоғалып кететінін байқады. Шындық ашылған соң, оның қоңырауларға қатысы бары анықталды.

Нәтижесінде, ер адам заң бұзғаны үшін қамауға алды. Оның айтуынша, бұл әрекетке тек әйеліне деген зор махаббат итермелеген.

 

 

Серіктес жаңалықтары