701
Алматыда 23 жастағы қыз 58 жастағы көңілдесін пышақтап өлтірді
Оқиға 18 қыркүйекте орын алған. Олар мас болған.
Бірге тұратын пәтерлерінде жанжалдасып қалғаннан кейін, бойжеткен азаматқа пышақ сұғып алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Азамат оқиға орнында қаза тапқан. Ал бойжеткен ұсталып, қамауға алынды.
«Бостандық ауданының Полиция басқармасы адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.