Майқайың кенішіндегі қайғылы жағдай: 6 адам қамауға алынды

Дерек көздеріне сүйенсек, бұрынғы бас директор Қуаныш Ботин Екібастұздағы үйінде ұсталған.

Майқайың кенішіндегі қайғылы жағдай: 6 адам қамауға алынды
ТЖМ
206

«Майқайыңалтын» АҚ-ның алтын кенішінде төрт құтқарушының өмірін қиған апатқа кінәлі тұлғалар ретінде 6 адам ұсталды. Олар — «Майқайыңалтын» АҚ-ның бұрынғы бас директоры Қуаныш Ботин және өндірістік учаскелерді басқару, инженерлік құрамдағы бес адам.

Сот оларды үйқамақта ұстау немесе түрмеге жабу туралы шешім шығарады деп күтіліп отыр.

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.

— Павлодар облысының полициясы тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде «Майқайыңалтын» АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұстап, Павлодар қалалық полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Дерек көздеріне сүйенсек, бұрынғы бас директор Қуаныш Ботин Екібастұздағы үйінде ұсталған.

Еске сала кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысындағы Майқайың алтын кенішінде ішінде адамдар бар автобус жер астына түсіп кетті

Серіктес жаңалықтары