Дәулет Тұрлыханов спортшыларды оқытатын тәуелсіз институт құруды ұсынды

Сонымен қатар депутат спорт мектептеріне көбірек көңіл бөлу керек екенін жеткізді.

Дәулет Тұрлыханов спортшыларды оқытатын тәуелсіз институт құруды ұсынды
сурет: parlam.kz
275

«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Премьер-Министр Олжас Бектеновке бұқаралық спортты дамытуға қатысты депутаттық сауал жолдады.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Дені сау жастардытәрбиелеудің және бүкіл ұлттың денсаулығын нығайтудың негізгі факторларының бірі ретінде бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Президент бұл саланың белсенді дамуынсыз халық денсаулығы мәселелерінде ілгерілеуге қол жеткізу мүмкін еместігін ерекше атады. Президент сондай-ақ спорт саласын реттейтін заңнаманы жаңарту қажеттілігіне назар аударды. Мен Мәжіліс депутаты және еңбек сіңірген жаттықтырушы ретінде толық қолдаймын, – деді депутат.

Парижде өткен Олимпиаданың нәтижелері Қазақстан спортындағы елеулі проблеманы айқындап бергенін айтқан депутат оларды жеке-жеке жіктеп өтті.

Олар ішінде: жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мүмкіндіктерін шектейтін білім беру мекемелерінде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған материалдық-техникалық базаның әлсіздігі;

оқу орындары әкімшілігінің студенттік спортты дамытуға жәнежастардың жарыстарға қатысуына мотивацияның төмендеңгейі;

әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың жеткіліксіздігі; балалармен және жастармен жұмыс істейтін біліктімамандардың, әсіресе, жаттықтырушылардың жетіспеушілігі;

өңірлік деңгейден бастап спорттағы жоғары жетістіктерсабақтастығының әлсіз жүйесі; өңірлерде олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың төмендеңгейі және спортшыларды ұлттық құрамалар құрамынаберуге мүдделіліктің болмауы, – деді ол.

Сонымен қатар, депутаттың сөзінше, салынған қаражатқа қарамастан, спортқа жұмсалатын шығындардың тиімділігі төмен. Елімізде спортты қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 300 млрд теңгені құрайды, алайда бұл қаражат қанағаттанарлық нәтиже бермей отыр. Сондықтан, осы жағдайды жақсарту үшін мынадай шара қабылдауды сұрады:

1. Спорттық іс-шараларды қаржыландыру процестерін толығымен цифрландыру және қаражаттың мақсатты пайдаланылуына онлайн-бақылау жүйесін енгізу.

2. Шетелдік тәжірибелерді қолдана отырып, спорттық іс-шараларды жоспарлаудың заманауи әдістерін қолдануды қолға алу.

3. Австралия спорт институты сияқты сәтті институттарды назарға ала отырып, спортшыларды оқытуды ғылыми қамтамасыз етудің тәуелсіз институтын құру.

4. Жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын, әсіресе халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізетіндер үшін көтермелеу жүйесін күшейту.

5. Оларды пайдалануды оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру үшін спорт нысандарын басқаруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту.

6. Тренерлердің біліктілігін арттыру жүйесін енгізу, бұл оқытудың барлық кезеңдерінде мамандар даярлауға мүмкіндік береді, – деді ол.

Сонымен қатар ол спорт мектептеріне көбірек көңіл бөлу керек екенін жеткізді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда тек 510 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, 1991 жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз. Бұл дегеніміз миллиондаған балалардың жүйелі түрде спортпен шұғылдану мүмкіндігінен айырылғанын білдіреді. Жаңа спорт мектептерін құру және спорт секцияларын дамыту – маңызды міндет. Қазақстан спортына маңызды реформалар қажет. Ол үшін Президенттің спортты одан әрі дамыту жөніндегішаралар туралы Жарлығы шығарылуын; Осы Жарлықты іске асыру жөніндегі Үкіметтің Қаулысы қабылдануын, Спортты дамытудың 2025-2028 жылдарға арналған бағдарламасы және 2032 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілуін ұсынамын, – деді Дәулет Тұрлыханов.

Серіктес жаңалықтары