Арыста әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Аталған жағдайға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді.

Арыста әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсамақ болды
istockphoto.com
279

Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің қызметкері басынан оқ жарақатын алып, ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 16 қыркүйекте болған. Д. Т., есімді азамат Арыс қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Орталық аудандық аурухана бас дәрігерінің сөзінше, әскери қызметкер өз-өзіне қол салған.

Аталған жағдайға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді.

«16 қыркүйекте тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде Арыс гарнизоны әскери бөлімдері бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі травматикалық қарудан басынан жарақат алды. Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр екен.

Серіктес жаңалықтары