Енді жол ережесін бұзған жүргізушілер дронмен анықталады

Қостанай облысында полиция жол – қозғалыс ережесін бұзған жүргізушілерді дронмен анықтап жатыр.

Енді жол ережесін бұзған жүргізушілер дронмен анықталады
polisia.kz
Автор
Админ
243

Прокуратура, ТЖД қызметкерлері мен полицейлер апатты-қауіпті учаскелер саны көп республикалық автожолдарда бірлескен жобаны сынақтан өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы мақсатта полицияның және облыстың ТЖД қызметіндегі дрондар қолданылуда.

Құтқарушылардың айтуынша, дрон аппараты 50 шақырым қашықтықты бағындыра алады, жылдамдығы сағатына 100 км.

Олар жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін және мемлекеттік нөмірлерді 2 шақырымға дейінгі қашықтықта тіркей алады.

Тек екі күндік жұмыс барысында қарсы қозғалыс жолағына шыққан 6 жүргізуші ұсталды, олардың біреуі жолаушыларды заңсыз тасымалдаған.

Өрескел бұзушылықтардан басқа, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді, қауіпсіздік белдігін тақпайтындарды, жол белгілерін, сондай-ақ қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлесетіндерді анықтайды. 

Полиция департаменті жүргізушілерді мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары