Маңғыстау облысында есірткі заттары сақталған қойма табылды

Бағасы 60 миллион теңге тұратын, гашиш есірткісі табылды

Маңғыстау облысында есірткі заттары сақталған қойма табылды
фото: видеодан скриншот
255

Жасырын қоймада 60 миллион теңгенің есірткісі анықталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкерлерімен бірлесе және Маңғыстау облысының прокуратурасының үйлестіруімен бірге «Өмір» демалыс базасына қарай 39 шақырым жерде орналасқан құмды аумақтан жасырын қойманы анықтады. Оның ішінен салмағы 10 келі, бағасы 60 миллион теңге тұратын, гашиш есірткісін шығарды.

Осылайша Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері облыс аумағында есірткі заттарының заңсыз сатылуын тоқтатты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша алдын ала тергеп-тексеру басталды.

Құқықтық ақпараттың өзге бөлігі ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары