«Әртісті құл сияқты көреді»: Меруерт Түсіпбаева Ақбота Керімбекованың сөзін қолдады

Меруерт Түсіпбаева музыкалық жобаларға бөлінетін қаражатты тексеруді талап етті.

«Әртісті құл сияқты көреді»: Меруерт Түсіпбаева Ақбота Керімбекованың сөзін қолдады
Меруерт Түсіпбаева және Ақбота Керімбекова
797

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова ұлттық арнадаға түсіріліп жатқан жобаға қатысты жағдайға наразылық білдіріп, жоба продюсері Динара Адамды дөрекі деп айтқанын өнердегі әріптесі Меруерт Түсіпбаева растады.

 Меруерт Түсіпбаева музыкалық жобаларға бөлінетін қаражатты тексеруді талап етті.

«Бүгін Ақбота үндеу жасаған екен. Өте дұрыс. Шын мәнінде, кейбір продюсерлер өзін құдай, ал әртісті құл сияқты көреді. Ол біздің мемлекетте де бар және тендерге де қатысты. Мұның бәрі айтылмай жүрген шындық. Ақботаға қосыламын. Барлық жоба мен шоуларға қатысқан әншілерге гонорар төленсе деймін. Тіпті Ресейде жай ғана эксперт болып отырған адамға да қаражат төленеді. Оны ешкім танымайды. Бірақ қатысқаны үшін қаламақысын алады. Біздің елде ондай жоқ. Сондықтан, Ақботаның сөзі рас. Оған қосыламын. Жағдай өзгерсе дейміз», – деді өнер иесі.

Айта кетейік, Белгілі әнші Ақбота Керімбекова Qazaqstan телерадио кешенінің басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға үндеу жасады.

Әншінің үндеу жасауына "Жұлдызды жұп" атты жаңа жобаның дұрыс ұйымдастырылмауы және отандық телеарналардағы жобаны, тендерді жеңіп алудың түрлі жолдары мәселесі себеп болған. 

Серіктес жаңалықтары