Жиын барысында атом электр станциясының құрылысы мен 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумның маңыздылығы талқыланды. Кездесуде жобаның негізгі аспектілері түсіндіріліп, әрбір азаматтың Қазақстанның болашағына әсер ететін шешім қабылдауға қатысуының маңыздылығы атап өтілді.
«АЭС салу, елді сенімді және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның одан әрі экономикалық өсуі мен халықаралық ұстанымдарын нығайту үшін септігін тигізеді»,-деді Алтай Қалигожин.
Кездесуге қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.