«Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің Кеңесін» құру ұсынылды

Іс-шарға 12 елден 50-ден аса шетелдегі қандас кәсіпкерлер мен Қазақстаннан 150-ге жуық қатысушы қатысты.

«Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің Кеңесін» құру ұсынылды
Отандастар қоры
Автор
Админ
172

13 қыркүйек күні Алматыда Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлер арасында іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған «Отандастар» бизнес-форумы өтті.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шарға 12 елден 50-ден аса шетелдегі қандас кәсіпкерлер мен Қазақстаннан 150-ге жуық қатысушы қатысты.

Форумға ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Kazakh Invest» АҚ өкілдері қатысып, Қазақстанда бизнес ашу және жүргізу мүмкіндіктері туралы мәліметтермен бөлісті. Форумның бірінші пленарлық сессиясында «DAMU BUSINESS GROUP», «TAS FINANCE GROUP», «Steppe & World», «Hazifa», «Kazakh Aru» сияқты отандық кәсіптердің негізін қалаушылары Қазақстанда бизнес жүргізу жолдары және мүмкіндіктері туралы баяндамалар жасады.

Екінші пленарлық сессияда әр елден келген қандас кәсіпкерлер өз бизнестерін таныстырып, тәжірибе алмасты және жаңа серіктестермен байланыс орнатты. Іс-шара Қазақстанның экономикалық бағдарламалары мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға, сондай-ақ шетелдік кәсіпкерлерге заңнамалық қолдау көрсетуді талқылауға бағытталды.

Форумның жабылу сессиясында «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров «Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің Кеңесін» құруды ұсынды. Бұл кеңес шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің бизнес белсенділігін арттыруға және олардың мәдени-гуманитарлық құндылықтарын сақтауға бағытталған бастамаларды қолдауды көздейді.

Серіктес жаңалықтары