8 адамды бопсалаған блогер төрт жылға бас бостандығынан айырылды

Бұл бойынша Жаңақорған аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды

8 адамды бопсалаған блогер төрт жылға бас бостандығынан айырылды
Primeminster.kz
728

Қызылорда облысында әлеуметтік желі арқылы сегіз адамды бопсалаған күдікті сотталды.

Kazinform ақпаратынша, бұл бойынша Жаңақорған аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы 2022 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы 8 жәбірленушінің абыройына нұқсан келетін мәліметтерді таратамын деп қорқытқан. Салдарынан бірнеше рет бөтеннің мүлкін қорқытып талап етіп, қорқытып алушылық жолымен 1 950 000 теңгені жеке бас пайдасына жаратқан.

«Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәлердің жауабымен, айғағымен, сараптама қорытындысымен, бейнежазба және қылмыстық іс материалымен дәлелденген. Ол кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынның 1 650 000 теңгесін қайтарған. Сот сотталушының кінәсін толық мойындауын, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар екенін жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жәйлар ретінде таныды. Жаңақорған аудандық сотының үкімімен оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді», - деп мәлім етті Жаңақорған аудандық сотынан.

Серіктес жаңалықтары