Екібастұзда белгісіз вирусқа байланысты карантин енгізілді

Қаулы заңды күшіне енді

Екібастұзда белгісіз вирусқа байланысты карантин енгізілді
istockphoto.com
266

Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында қызанаққа әсер ететін қауіпті вирустың табылуына байланысты карантин енгізілді.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, қала әкімінің қаулысымен «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС жылыжай кешенінің аумағында қызанақтың қоңыр түсті қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus) тіркелді.

Осыған байланысты бұл аумақта карантиндік аймақ белгіленіп, ерекше режим енгізу туралы шешім қабылданды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары