Қазақстан әнұранына құрмет көрсетпеген: қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға спорттан шеттетіледі

Бас төреші әнұранға құрмет көрсетпеген, мойындарына таққан медальді шешіп, мінез көрсетіп кетіп қалған қырғыздарға нақты шара қолданылатынын айтты

Қазақстан әнұранына құрмет көрсетпеген: қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға спорттан шеттетіледі
Видеодан алынған кадр
1123

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпар спортындағы жайтқа байланысты бас төреші Тастанбек Есентаев күтпеген мәлімдеме жасады.

El.kz сайтыныңы мәліметінше, бас төреші көкпардағы ереже бұзылған сәтті он мәрте қараған.

Ойынның ішінде қамшымен ұрдық дегенді көрмедік. Бірақ бұл жайт ойыннан тыс уақытта болды. Қырғыздардың басты талабы - біздің ойыншыны қызыл қағазбен шеттету еді. Бірақ біздің ережеде ондай көрсетілмегендіктен, 2 минут алаңнан шығардық. Ары қарай бәсеке таза өтті деп ойлаймын. Екі команда да мықты. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік болмады, - дейді ол.

Бас төреші әнұранға құрмет көрсетпеген, мойындарына таққан медальді шешіп, мінез көрсетіп кетіп қалған қырғыздарға нақты шара қолданылатынын айтты.

Барлығын халық көрді. Дұрыс шешім қабылданды. Наразылық марапаттау сәтінде де жалғасып, қырғыз көкпаршылары мерзімінен бұрын кетіп қалды. Бұл - мәдениетсіздік. Осындай жайттар үшін міндетті түрде шара қолданылады. Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі немесе ақшалай айыппұл салынады. Нақтысын қазір айта алмаймын, - дейді.

Айта кетейік, финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңген болатын.

Серіктес жаңалықтары