Павлодар облысында суға кеткендердің саны екі есе көбейген

Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Павлодар облысында суға кеткендердің саны екі есе көбейген
сурет ашық дереккөзден алынды
294

Өңірде биылғы шомылу маусымында 11 адам суға батқан, деп хабарлайды turkystan.kz рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбайдың айтуынша, ағымдағы жылы шомылу маусымында 11 адам суға батып, көз жұмған, оның ішінде екеуі – бала. Бұл көрсеткіш – өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

«Өткен жылдың осы кезеңінде алты адам, оның ішінде үш бала суға батып кетті. Биыл бір факті рұқсат етілген жерде, атап айтқанда, орталық жағажайда орын алды. «Коммунсервис» КМК-ға қатысты жоспардан тыс тексеріс ашылып, әкімшілік ҚР ӘҚБтК-ның 412-бабы бойынша хаттама толтырылды. Мекемеге айыппұл салынып, кемшіліктерді жою туралы ұсыныс берілді», – деді Темірлан Жапалбай.

Ең соңғы орын алған қайғылы жағдай өзен портында тіркелді.

«Тамызда сол жерде әйел суға батты деген хабарлама түскеннен кейін іздеу жұмыстары жүргізілді. Ерлі-зайыптының қайықта отырғаны анықталды. Бір уақытта әйел қайықтан суға құлап, батып кетті. Оқиғаның нақты мән-жайы әлі белгісіз. Бұл мәселемен полиция айналысып жатыр, сот медициналық сараптама жүргізілуде», – деді Темірлан Жапалбай.

Айта кетейік, жедел құтқару жасағының қызметкерлері мейірімді тұрғындармен бірге судан сегіз адамды құтқарды, оның ішінде біреуі – бала.

Серіктес жаңалықтары